×

Алматы полициясы алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті

Киберпол қазір интернет-алаяқтық деректері жиілеп кеткенін хабарлайды

 Динара Амантай 07.12.2023 | 09:52
Фото: polisia.kz

Алматы полициясы алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті, деп хабарлады Halyq uni тілшісі.

Киберпол қазір интернет-алаяқтық деректері жиілеп кеткенін хабарлайды. Жәбірленушілер атынан Whatsapp мессенджеріндегі аккаунтты пайдаланып, олар қолжетімді барлық контактілерге әртүрлі сылтаулармен ақша жіберуді сұрайтын мәтінді жіберіп, үшінші адамдардың жалған шоттарын көрсетеді.

Күдіктілердің зиянды сілтеме арқылы Whatsapp аккаунтына қол жеткізе алатыны белгілі болды. Осыған орай, Алматы полициясы азаматтарды әдетте ұтыс ойыны, балаларға дауыс беру, кез келген тақырып бойынша сауалнама және т.б. түрінде таралатын күмәнді сілтемелерді баспауды және олардың сайтына кірмеуді, сондай-ақ жеке деректерді енгізбеуді ескертеді, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Кездейсоқ күдікті сілтемені бастым деп күмәндансаңыз, Whatsapp қолданбасына өтіп, өзгертулер бөліміне кіріп, «байланыстырылған құрылғыларға» өту арқылы Whatsapp аккаунтыңызға параллель кіруді тексеруге болады. Ол жерде сіз қосылмаған белгісіз құрылғы көрсетілсе, осы сессиядан дереу шығыңыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама