×

Таразда алаяқ жалғызбасты зейнеткерлерді 11 млн теңгеге сан соқтырған

Ол 5 жылға сотталды

 Дәурен Ерболат 06.12.2023 | 16:28
Фото: belinform.org

Таразда алаяқ зейнеткерлерді алдап, олардың атына несие рәсімдеген, деп хабарлады Polisia.kz.

25 жастағы тұрғын жалғызбасты зейнеткерлердің үйіне келіп, өзін әлеуметтік қызметкермін деп таныстырған. Ол жәбірленушілердің сеніміне кірген.

Ол зейнеткерлерге «әкімдік тегін азық-түлік берді» деп тамақ әкеп берген. Бір сөмке азық-түлікті табыстағаннан кейін жәбірленушілердің жеке куәлігін суретке түсіріп, әкімдіктегі басшылық осындай талап қойды деп түсіндірген. Содан кейін күдікті банк қосымшасы арқылы зейнеткерлердің атына несие рәсімдеген, - деп жазылған хабарламада.

25 жастағы алаяқ 7 зейнеткерді алдап, олардың атына жалпы сомасы 11 млн теңге несие рәсімдеген. Күдікті ақшаны өз мақсатына жұмсаған.

Қалалық соттың үкімімен алаяқ 5 жылға сотталды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа колонияда өтейді.

Сотталған адам Семей қаласындағы қауіпсіздігі аралас түзеу мекемесіне келді, - деді мекеме басшысының орынбасары Нұржан Шидебаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама