×

Өскеменде 34 жастағы жігіт төртінші қабаттан құлап кетті (ВИДЕО)

Ол шатырдан өзі секірмеген

 Еркеғали Болатұлы 06.12.2023 | 14:51
фото: foto-onlain.ru

Өскемен қаласында ер адам 4-қабаттан құлап кеткен. Бірақ ол ажалдан аман қалды.

Оқиға Жібек маталар комбинаты шағын ауданында болған. ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жігіт Сәтбаев көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің 4-қабатынан құлаған.

34 жастағы ер адам бірінші қабаттағы дүкеннің шатырына құлаған. Сол жерге құтқарушылар шұғыл келіп жетті. Зардап шегушіні шатырдан түсіріп, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды. Қазір ол ауруханаға жатқызылған, - делінген ақпаратта.

Алдын ала дерек бойынша ер адамның өзі әдейі секірмеген. Терезеден төменге еңкейіп қарағанда абайсызда құлап кеткен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама