×

Түркістанда интернат қызметкерлері 3 баланы салқын бөлмеге қамап тастаған

Бұл факті қызметкерлердің балаларға қатыгездікпен қарайтынын растайды

 Еркеғали Болатұлы 05.12.2023 | 17:05
фото: дереккөз

Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылар мектеп-интернатта балаларды қорлау фактісін анықтады, деп хабарлады Адам құқығы жөніндегі уәкіл.

Іс-сапар барысында қатысушылар мекеме аумағында кәмелетке толмаған 3 бала қамауға алынған қосалқы бөлмені анықтаған. Медбикенің айтуынша, балалар қызылшамен ауыратындықтан, онда «оқшаулау» үшін орналастырылған. Алайда кәмелетке толмаған жеткіншектер қамалған үй-жайдың жағдайы нашар: едендері бетон, терезесі сынған, дәретхана мен су жоқ. Сонымен қатар, олар ешқайда барып көмек сұрай алмайды. Мекемеде телефон байланысы жоқ, WiFi да қолжетімсіз, - делінген хабарламада.

Адам құқығы жөніндегі уәкілдің айтуынша, бұл факті қызметкерлердің балаларға қатыгездікпен қарайтынын растайды.

Адам құқығын қорғау ұлттық орталығының басшысы Салтанат Тұрсынбекова Түркістан облысының прокуратурасына қатыгездік көрсету фактісі бойынша процессуалдық шешім қабылдауды және қабылданған шаралар туралы есеп беруді сұрап, хат жолдады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама