Halyq Uni логотип
×

Зейнет жасы талқылана ма – Дүйсенова атыраулықтармен және маңғыстаулықтармен кездеспек

Тұрғындар толғандырған мәселелерін көтере алады

 Қымбат Елтайқызы 21.05.2022 | 23:59
Зейнет жасы талқылана ма – Дүйсенова атыраулықтармен және маңғыстаулықтармен кездеспек
фото: Halyq Uni

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова маусымда Атырау мен Маңғыстау облыстарының халқымен кездесу өткізеді, деп хабарлайды ведомство.

«Кездесуде жұмыспен қамту, халықтың табысын арттыру, ұлттық біліктілік жүйесін дамыту, кадр даярлауға қатысты өзекті мәселелер талқыланады», – дейді еңбек министрлігі.

Министрге сұрақтар әрі ұсыныстарды келесі байланыс арналары арқылы жіберуге болады: ЕХӘҚМ ресми интернет-ресурсы, Egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы, «Е-Өтініш» (suraqtar.kz) азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы. Сондай-ақ келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: 8 (7172) 74 36 03, 74 36 79, 74 37 23.

Азаматтарды кездесуге қатысуға әрі еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне өздерін толғандыратын сұрақтарды қоюға шақырамыз, – дейді мемлекеттік орган.

Назарбаевтың сынынан кейін қызметінен кеткен Тамара Дүйсенова қайта министр болып тағайындалды. Дүйсенова әйелдердің зейнет жасын төмендетуге қатысты ойын айтты. «Зейнет жасын төмендетуге қарсы емеспін»: министр мәлімдеме жасады. «50 жастан бастап мүмкіндік беріледі...»: министр зейнет жасын төмендету туралы айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама