×

Назарбаевтың сынынан кейін қызметінен кеткен Тамара Дүйсенова қайта министр болып тағайындалды

Тамара Босымбекқызы қызметіне оралды

 Халық үні 11.04.2022 | 11:40
коллаж: Halyq Uni

Мемлекет басшысының жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалып, президент көмекшісі – президент әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды. 

Тамара Дүйсенова бұған дейін еңбек министрі болған. 2018 жылы ақпанда үкіметтің кеңейтілген отырысында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев одан «Тамара, айтшы, бұл жұмыстан шаршадың ба?» деп сұраған еді. Сол сыннан кейін ол көп ұзамай қызметінен босатылды. 

ТАМАРА ДҮЙСЕНОВА

Ташкент халық шаруашылығы институтын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. Әр жылдары жауапты басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице-министрі, жауапты хатшысы, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Nur Otan партиясының хатшысы, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ басшысы қызметтерін атқарған.

2020 жылғы мамырда президент көмекшісі – президент әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама