×

СҚО-да халық саны онға жетпейтін ауылдар бар – өңір әкімі

Облыста барлығы 600-ден аса ауыл бар

 Дәурен Ерболат 04.12.2023 | 17:36
фото: автор

Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында 50 адам тұратын 125 ауыл, 10 адам тұратын 39 ауыл бар. Бұл туралы облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Өңір басшысы «болашағы жоқ» ауылдарды жабу мәселесін біртіндеп шешу керек деген пікірде.

Әрине, ауылдарды жабуға қатысты мәселе өзекті. Әкімшілік-аумақтық бөлініске, заңға, ережеге сәйкес келмейтін көптеген ауыл бар. Бүгінде 635 елді мекеннің ішінде 50 адам тұратын 125 ауыл, 10 адам тұратын 39 ауыл тіркелген. Бүгінде ауылдарды жабуға қатысты мәселе барын мойындаймыз. Бірақ оған өте мұқият қараған жөн.

Ондағы тұрғындармен, адамдармен және кәсіпорын басшылармен жұмыс істеп жатырмыз. Бұл мәселеге өте жауапты қарау керек», - деді облыс әкімі ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама