×

ШҚО-да 60 келі балықты заңсыз аулаған күдікті ұсталды

Бұл дерек негізінде қылмыстық іс қозғалды

 Дәурен Ерболат 04.12.2023 | 10:55
Фото: polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысында полиция 60 келі балықты заңсыз аулаған ер адамды ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Күршім ауданында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында полицейлер браконьерді анықтады. Ауыл тұрғынын тінту кезінде одан балықтың бірнеше түрі (көксерке – 15,1 келі, шортан – 32,7 келі, алабұға – 1,5 келі, табан – 11,5 келі) тәркіленді.

Заңсыз ауланған балықтың салмағы 60 келіден асады. Осылайша, браконьер мемлекетке 350 мың теңге көлемінде залал келтірді.

Балықшыға полицияға міндетті түрде келу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 335-бабы 1-бөлігі бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама