×

Боксшы Руслан Мырсатаев Сириядағы қыздарын қайтаруға Ердоғаннан көмек сұрады (ВИДЕО)

Әйелі Сирияға 7 және 5 жастағы екі қызын 2015 жылы алып өткен

 Еркеғали Болатұлы 21.05.2022 | 16:21
Фото: prosports.kz

Қазақстандық ауыр салмақты кәсіпқой боксшы Руслан Мырсатаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға Сирияда жүрген екі қызын отанына қайтаруға көмек сұрап жүгінді.

Оның видеоүндеуінде айтуынша, қыздарды бұрынғы әйелі Бішкекте немерелерін бағып отырған Русланның анасынан алдап алып кеткен.

Нақты айтқанда, Руслан Мырсатаевтың әйелі Сирияға 7 және 5 жастағы екі қызын 2015 жылы алып өткен. Содан немерелерінен айрылып, зар еңіреп қалған кейуана 2019 жылы қайтыс болыпты.

Енді бар үміт Түркия президентінде, - дейді боксшы.

Еске сала кетсек, 2008 жылы Пекин олимпиадасында бокстан аса ауыр салмақта Қазақстанның намысын қорғаған Руслан Мырсатаев қазір кәсіпқой бокста бақ сынап жүр. Бүгінде ол 7 жекпе-жек өткізіп, бәрінде де жеңіске жеткен атақты спортшы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама