×

Ұйғыр ауданында үйлену тойы кезінде жас жігіт қайтыс болды

Күдікті ұсталып, оны екі ай мерзімге күзетпен ұстауға санкция берілді

 Халық үні 21.12.2021 | 10:47
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Алматы облысында үйлену тойы кезінде төбелес шығып, жас жігіт қайтыс болды. Қайғылы жағдай 12 желтоқсанда Ұйғыр ауданына қарасты Шарын ауылында болған.

Үйлену тойында мас адамдар арасында төбелес басталған. Қақтығыс салдарынан 26 жастағы жігіт кеудесінен пышақ жарақатын алған күйде жергілікті ауруханаға жеткізілді. Ол есін жимастан қайтыс болды.

Тәртіп сақшылары күдіктіні анықтап, ұстады. Ер адам төбелес болып жатқанын көріп, мас күйінде жанжалға араласқан. Жәбірленушінің жүрегіне пышақ сұққан. Ол ісіне өкінетінін айтты.

Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнында қылмыс қаруы табылып, заттай дәлел ретінде қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Тергеу қылмыстық кодекстің 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша жүргізіледі. Күдіктіге қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстауға санкция берілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама