Halyq Uni логотип
×

Қызылша өршіп тұр: министр қанша балаға әлі екпе салынбағанын жеткізді

Вакцина алмаудың салдары ауыр болады

 Дәурен Ерболат 29.11.2023 | 16:21
Қызылша өршіп тұр: министр қанша балаға әлі екпе салынбағанын жеткізді
Фото: ОКҚ

Бүгінде елімізде 104 мыңнан аса балаға қызылшаға қарсы екпе салынбаған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Біздің есебімізше, бүгінде 104 мың балаға екпе салынбаған. Оларға вакцина салуды жоспарлап отырмыз, - деді Ажар Ғиният ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, 29 қарашадағы мәліметке сәйкес, Қазақстанда 118 мың балаға екпе салынған.

Осы уақытқа дейін 118 122 балаға қызылшаға қарсы екпе салынды. Оның ішінде 6-10 айлық 60 мың сәби, 2-4 жасқа дейінгі 38 294 бала бар. Сондай-ақ 10 мың медицина қызметкеріне вакцина салынды. Жыл соңына дейін екпенің 800 мың дозасын балаларға егуді жоспарлап отырмыз, - деді министр.

Сондай-ақ ол вакцинаны алу үшін не істеу керектігін айтты.

«Қызылшаға қарсы екпені алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркелген емханаға баруға болады әрі өзіңіздің учаскелік дәрігеріңізге хабарласа аласыз», - деді Ажар Ғиният.

Айта кетейік, биыл қарашада 6 мың бала қызылша жұқтырған. Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрі қызылшаға қарсы екпе алғысы келмейтіндерге ескерту жасаған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама