×

Қызылша ауруы өршіп тұр: Премьер-министр тапсырма берді

Ауру жұқтырғандардың басым бөлігі – балалар

 Дәурен Ерболат 28.11.2023 | 09:15
фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстанда қызылшаның өршуіне байланысты Денсаулық сақтау министрлігіне тапсырма берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Айта кетсек, бүгінгі Үкімет отырысы қызылша ауруын талқылаудан басталды.

Елімізде вирусты жұқтырғандар саны артып жатыр. Олардың басым бөлігі – балалар, - деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният жағдай күрделі екенін атап өтті. Себебі коронавирус пандемиясы кезінде балаларға екпе салынбаған.

Биыл дүниежүзінде қызылша ауруына тән кезекті айналымның көтеретілуі байқалады. Иммунитеті жоқ халықтың жинақталуы инфекцияның жаңа толқынына ықпал етуде. БҰҰ дерегінше, әлемде 67 млн-нан аса бала пандемияға және вакцинацияға деген сенімнің төмендеуімен және басқа да бірқатар факторға байланысты жоспарлы екпе алмаған. Осыған байланысты 415 мыңнан аса жағдай тіркелген. 167 елде қызылша ауруы бойынша жағдай күрделене түсуде, - деді ведомство басшысы.

Оның айутынша, биыл Қазақстанда қызылшаны жұқтырудың 17 мыңнан аса дерегі тіркелген.

«Мұның 82 пайыздан астамы – балалар. Оның ішінде вакцина алмаған балалар – 83 пайыз. Қызылша ауруы барлық өңірде тіркелді. Жоғары деңгейде Шымкент қаласында байқалады – 3 мыңнан аса жағдай тіркеліп отыр. Алматы қаласы мен Жамбыл облысында – 2 мыңнан аса, Алматы, Маңғыстау, Қызылорда және Атырау облыстарында 1 мыңнан аса жағдай тіркелді.

Сыртқаттанушылықтың күрт өсуі биыл қыркүйектен бастап яғни оқу жылында ұйымдасқан ұжымда, балалардың жиналуына байланысты байқалады. Салдарынан сыртқаттанушылық деңгейі 2 есе өсті. Қарашада қызылшаның 6 мыңнан аса дерегі тірелді, - деді Ажар Ғиният.

Үкімет басшысы жағдайды бақылауға алуды тапсырды.

Аурудың таралуын тоқтату керек. Қызылша асқынып кетсе, балалардың денсаулығына аса қауіп төндіреді. Онымен тек денсаулық сақтау жүйесі ғана емес, бүкіл қоғам болып күресуіміз қажет. Бала денсаулығы басты назарда болуға тиіс. Вакцина алудан басқа, мұндай қауіпті вируспен басқаша күресу мүмкін емес. Сондықтан екпе алуды күшейту қажет.

Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктер вакцина алудың қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуі керек. Барлық әкім вакциналау мәселесін жеке бақылауда ұстап, Денсаулық сақтау министрлігімен бірге жұмысты үйлестіруі қажет», - деді премьер-министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама