×

Павлодар облысында екі оқушы жол апаты салдарынан зардап шекті

Қажетті сараптамалар тағайындалды

 Динара Амантай 28.11.2023 | 10:47
Фото: Halyq Uni

Павлодар облысында екі оқушы жол апаты салдарынан зардап шекті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 26 қарашада Екібастұз қаласындағы М. Жүсіп көшесінде Сhevrolet cobalt автокөлігінің жүргізушісі кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылды.

27 қарашада Павлодардағы Павлов көшесінде ВАЗ-21906 автокөлігінің жүргізушісі кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ол жол бөлігін белгіленбеген жерден кесіп өткен. ЖКО салдарынан кәмелетке толмаған бала ауруханаға жүгінді.

ЖКО фактілері бойынша тексеру жүргізіліп, қажетті сараптамалар тағайындалды, – делінген хабарламада.

Полицейлер кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының басты себебі көшені белгіленбеген жерден, жақын маңдағы көлік қозғалысының алдынан және бағдаршамның қызыл шамынан кесіп өту екенін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама