×

Қостанай облысында 900-ге жуық кәсіпкер субсидия ала алмай келген

Мемлекеттік қолдау өтінімдерін уақтылы қарау бойынша ұйымдастырушылық-өкімдік шаралар қабылданды

 Динара Амантай 28.11.2023 | 10:35
Фото: Halyq Uni

Қостанай облысының прокуратурасы облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының қызметінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялау жөніндегі өтінімдерді қарау бойынша бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Өңірде агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға 3,3 млрд теңге бөлінген. Бұл ретте 865 кәсіпкердің өтінімі биылғы мамырдан бастап қаралмай қалды, ал қызмет көрсету мерзімі – 14 жұмыс күні.

Облыс прокуратурасы енгізген қадағалау актісі бойынша бұзушылықтар жойылды. Облыс әкімдігі өңірдің 757 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне 3,3 млрд теңге көлемінде субсидия төледі, – делінген прокуратура хабарламасында.

Мұндай фактілерді болдырмау үшін басқарма бұдан былай мемлекеттік қолдау өтінімдерін уақтылы қарау бойынша ұйымдастырушылық-өкімдік шаралар қабылдады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама