×

БҚО-да 35 жастағы әйел кәмелетке толмаған қызын жезөкшелікке салған

Ол жарнаманы желіге салып, сол арқылы клиент тапқан

 Еркеғали Болатұлы 27.11.2023 | 17:55
фото: Halyq Uni

БҚО-да әйел кәмелетке толмаған 17 жастағы қызын алдап, жезөкшелікке салған.

Ішкі істер министрлігінің өкілдері брифингте Оралдағы колледждердің бірінде 2-курс оқитын қыздың оқиғасын айтты. Деректерге сай, 17 жастағы бойжеткенді өз анасы алдап, жезөкшелікке салған.

35 жастағы келіншек қызын 3 ай бойы жалдамалы пәтерлерде ер адамдарға апарған. Ол жарнаманы желіге салып, сол арқылы клиент тапқан.

Тәртіп сақшылары жәбірленушіні туыстарына тапсырды. Ал анасы 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама