×

Павлодар тұрғыны мысыққа сірке суын құйған (ВИДЕО)

Тергеу барысы облыстық полиция ведомствосы бастығының бақылауында

 Ая Өміртай 25.11.2023 | 14:27
Фото: polisia.kz

Павлодарлық полицейлер мысыққа сірке суын құйған қала тұрғынын анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, құқықбұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидаты шеңберінде әлеуметтік желілердің мониторингі барысында жануарларға қатыгездік көрсету фактісі анықталған.

Жануарға қатыгездік жасау фактісі бойынша ҚР ҚК 316-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды, – делінген хабарламада.

Тергеу барысы облыстық полиция ведомствосы бастығының бақылауында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама