×

Қарағанды облысында жол апатынан 2 адам қаза тапты

Тағы екі адам ауруханаға жатқызылды

 Динара Амантай 25.11.2023 | 14:06
Фото: polisia.kz

Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерелрінің мәліметінше, қайғылы оқиға бүгін сағат 08:50 шамасында Қарағанды – Қарқаралы тас жолында болған. Lada Vesta автокөлігі мен Mercedes Benz автокөліктері соқтығысты.

Салдарынан Mercedes автокөлігінің жүргізушісі және оның 44 жастағы жолаушысы оқиға орынында қаза тапты. 30 жастағы Lada автокөлігінің жүргізушісі және оның 51 жастағы жолаушысы ауруханаға жеткізілді, – делнген хабарламада.

Полиция көлік жүргізушілерден жылдамдықты шектен тыс асырмай, жол жүру ережесін қатаң сақтауды еске салады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама