×

Алматы облысында заңсыз салынып жатқан 19 тұрғын үй кешені анықталды

Прокуратура құрылыс нормалары мен ережелерінің көптеген бұзушылықтарын анықтады

 Ая Өміртай 25.11.2023 | 11:48
Фото: Алматы обл. прокуратурасының баспасөз қызметі

Алматы облысының прокурорлары облыс аумағында көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің және коммерциялық объектілердің құрылысына талдау жүргізді, деп хабарлады Halyq Uni.

Талдау нәтижелері бойынша құрылыс нормалары мен ережелерінің көптеген бұзушылықтары анықталды. Мәселен, 19 нысан бойынша қабылданған шаралармен (Қонаев қ. – 11, Қарасай ауданында – 5, Талғар ауданында – 3) заңсыз алынған бастапқы материалдар (ЭҮ ТУ АПЗ) кері қайтарылды, яғни құрылыс басталғанға дейін процесс тоқтатылды.

КТК заңсыз құрылысының басталу фактілері бойынша (Қонаев қаласындағы 5 объект және Қарасай ауданындағы 1 объект бойынша) құрылыс салушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды және уәкілетті орган рұқсат құжаттарын алу жолымен бар бұзушылықтарды жоюға бағытталған жұмыс жүргізіліп жатыр, – делінген прокуратура хабарламасында.

Мысалы, құрылыс салушы Қарасай ауданының Қаскелең қаласындағы өзен арнасын заңсыз өзгертіп, «Orda Town» КТК құрылысын бастаған. Қабылданған шаралар бойынша уәкілетті орган құрылысты тоқтатты. Сотта заңсыз құрылысты бұзу туралы талап-арыз қаралады.

Басқа жағдайда Талғар ауданында құрылысқа рұқсат құжаттары жоқ 21 коммерциялық нысан анықталды. Енгізілген акт бойынша уәкілетті орган құрылыс салушыларды тиісті жауапкершілікке тартуға және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша, оның ішінде салынып жатқан объектілерді бұзу жолымен елді мекендердің құрылыс талаптары мен құрылыс салу жоспарларына сәйкес келмейтін жұмыстарды жүргізуге бағдарланған.

Мысалы, Бесағаш кентінде Алматы – Қорғас негізгі тас жолының бойында жеке тұлға сауда орталығының құрылысын бастады. Уәкілетті органдардың мәліметтеріне сәйкес аталған құрылыс тиісті жобалау құжаттарынсыз, сондай-ақ құрылыс бақылауы саласындағы органның рұқсатынсыз басталды.

Қазір уәкілетті орган құрылыс салушы құрылыс және рұқсат беру құжаттамасын заң нормаларына сәйкес келтіргенге дейін құрылысты тоқтата тұру жөнінде шаралар қабылдады. Объект қолданыстағы нормаларға сәйкес келмеген жағдайда аталған құрылысты бұзу мәселесі шешілетін болады.

Бұдан басқа, прокуратура актісі бойынша 3 жер учаскесінің нысаналы мақсатындағы заңсыз өзгерістерді сәйкестендіру және заңсыз берілген 48 учаскені тұрғын үй кешендерінің құрылысына қайтару бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Экологиялық қорытындысыз құрылыс фактілері бойынша облыстың 3 ауданының және Қонаев қаласының 26 құрылыс салушысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды (9 млн теңгеден астам айыппұл салынды).

Аталған бұзушылықтардан басқа облыстың құрылыс салушылары уәкілетті органның тиісті рұқсатынсыз үлескерлердің қаражатын тартуды жалғастырып жатыр.

Талдаумен барлығы осындай 23 тұрғын үй кешені анықталды (Қонаев қаласында 9 объект, Қарасай ауданында 5, Талғар ауданында 8, Іле ауданында 1 объект), құрылыс салушыларға қатысты сотта олардың әкімшілік жауаптылығы мәселесі қаралып жатыр.

Аталған бұзушылықтарға назар аудара отырып, облыс прокуратурасы салынып жатқан объектіден тұрғын үй сатып алғысы келетін азаматтарға «үлестік құрылыс туралы» заңнаманың негізгі нормалары туралы түсіндіреді.

Құрылыс компаниясын таңдағанда бірқатар құқық белгілейтін құжаттарға назар аудару қажет. Үй салынып жатқан жер учаскесіне меншік құқығы құрылыс салушының компаниясында тіркелуі керек. Сондай-ақ, құрылыс салушының мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамасы және уәкілетті органның құрылысқа рұқсаты болуы тиіс. Негізгі құжат – бұл жергілікті атқарушы органның қаулысы түріндегі үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат.

Бұл ретте аталған құжаттардың болуы сатып алушының құқықтарын одан әрі қорғауға және салынған ақша қаражатының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама