Halyq Uni логотип
×

120 астам шетел азаматы Қазақстаннан қуылды

Сақшылар олардың не үшін елден шығарылғанын айтты

 Қымбат Елтайқызы 20.05.2022 | 14:35
120 астам шетел азаматы Қазақстаннан қуылды
фото: Halyq Uni

«Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Қазақстаннан 124 шетелдік қуылды, деді елорданың полиция департаменті.  

«Нұр-Сұлтанда 12 мамырдан бастап өткен «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы қорытындыланды. Мобильді топтар шетел азаматтарының заңсыз болуы мүмкін жерлерді тексерді. Құрылыс нысандары, пәтерлер, қонақ үйлер, азаматтар көп жиналатын орындар тексерілді», – деді департамент.  

Полиция шетелдіктер тарапынан негізгі заң бұзушылықтар елімізге келудің, кетудің, болудың белгіленген тәртібін бұзу екенін атап өтті.

Жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында елде болу ережелерін бұзғаны үшін 1 133 шетелдік азамат әкімшілік жауапқа тартылды. Оның 124-і Қазақстаннан шығарылды. Оның ішінде 8 шетелдік азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қуылды, – дейді ПД.

Сондай-ақ еліміздің көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстанның 264 азаматы әкімшілік жауапқа, оның ішінде 200-ден астамы шақырылған шетелдіктердің белгіленген келу қағидаларын сақтамағаны үшін, 57 адам шетелдік жұмыс күшін тарту қағидаларын бұзғаны, шетелдіктің еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін жауапқа тартылды.

«Сонымен қатар жедел алдын алу іс-шарасы аясында тәртіп сақшылары мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені үшін ҚК 392-бабы бойынша шетелдік азаматтарға қатысты екі қылмыстық іс қозғады. Мысалы, 2022 жылғы 15 мамырда «Сарыарқа» ауданының полицейлері көрші республиканың азаматын ұстады. Құжаттарды тексеру кезінде аталған азаматтың еліміздің бақылау-өткізу пунктерін айналып өтпекші болғаны, яғни Қазақстан мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткені анықталды. Осылайша, шетелдіктің әрекеттері ҚК 392-бабының 1-бөлігінде қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады», – делінген ақпаратта.

БҚО-да көші-қон заңнамасын бұзған Шри-Ланканың 12 азаматы ұсталды. Елімізде шетелдік мигранттарға шағым көбейді – ІІМ. Атырауда жүзден аса Қытай азаматы заңсыз еңбек еткен. Қазақстандағы еңбек мигранттарының көбі Қытайдан келген. Биылғы үш айда елімізге 3,5 мыңнан астам адам ТМД-дан көшіп келген. Қазақстандағы еңбек мигранттарының көбі қытайлар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама