×

Қазпошта және технологиялар: тиімді симбиоз

Қазпошта «Цифрлық теңге» пилоттық жобасының операторы атанды

 Халық үні 24.11.2023 | 13:09
Фото: «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметі

24 қарашада Астанада Kazpost DEMO DAY 2023 өтті. Іс-шарада жылдың IT-қорытындылары мен Қазпоштаның цифрлық жобалары таныстырылды. Іс-шара цифрландыру саласының 150-ден астам өкілін біріктіріп, 2023 жылдағы ең ірі Demo күндердің біріне айналды.

Біз компаниямыздағы өзгерістер туралы қуанышпен хабарлаймыз. Қазір Қазпошта тек газеттер мен хаттар ғана емес, әлем электронды коммерцияға қарай өзгеріп жатыр. Заман ағымына ілесу үшін біз процестерімізді оңтайландыру және жаңғырту үшін IT бағытын белсенді түрде дамытып жатырмыз, - деді «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Әсел Жанасова.

Іс-шара аясында «Қазпошта» АҚ-да трансформацияны өткізу және инновацияларды енгізуге қатысты цифрлық бөлімшесінің QazPost Digital нәтижелері айтылды: Qazpost GEO, QazPost Keruen жобалары АҚШ пен Еуропаның маркетплейстерінде сатып алуларға арналған, QazPost жаңа қосымшасы – пошта және қаржы сервистерін, сондай-ақ QazPost Market әлеуметтік маркетплейсін біріктіреді.

Көз алдымызда «Қазпошта» өз дамуының барлық кезеңдерінде инновацияларды қолданатын прогрессивті компанияға айналды. Жетілдірілген заманауи шешімдер пошта және қаржылық инфрақұрылымды кеңейтуге негіз болды. Бұл үшін олар фулфилмент орталықтарын дамытуда, танымал ішкі және сыртқы нарықтар үшін тапсырыс қабылдау пункттерін ашуда, қоймалар мен сәлемдеме терминалдарының желісін кеңейтуде. Мен сіздерді мақтан етемін!, - деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Цифрлық кеңсе жаңа және жетілдірілген қызметтерді, соның ішінде қаржылық қызметтерді одан әрі іске қосуды жоспарлап отыр. Төлемдерді жүргізу, халықаралық төлем жүйелерімен өзара іс-қимыл, open banking бағытындағы ауқымды жаңғыртулардың арқасында, Қазпошта қаржы агрегаторы және интернетке қолжетімділік шектеулі жерлерде қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, ҚР ҰБ – «Цифрлық теңге» пилоттық жобасының операторы атанды. 

«Біз Қазпоштаның цифрлық жобаларын мамыр айынан бастап қана қолға ала бастадық, оған дейін ақпаннан бастап жүйені тұрақтандырумен болдық. Десе де көріп отырғандарыңыздай, халық үшін пошта ретінде ғана емес, қаржы операторы ретінде де пайдалы сервистерді енгізуді бастадық. Біз өз миссиямызды цифрлық технологиялар арқылы сапалы қызмет көрсету және клиенттерге қызмет көрсету бағасын төмендетуде көреміз. Ол үшін біз бірден бірнеше бағытта жұмыс жүргіземіз: IT-инфрақұрылымды дамыту, алаяқтықпен күресу, маркетпейстермен серіктестікті кеңейту, өз экоқұрылымымызды құру, қаржы сервистерін жетілдіру, архитектураны оңтайландыру және процестерді қайта құру. Мұндай тәсіл бізге 600 млн теңгеден астам қаржыны үнемдеуге мүмкіндік берді», - дейді Qazpost Digital кеңсесінің CEO-сы Әсем Болатжан (Нұрғалиева).

Шараға «Отбасы Банк» Басқарма nөрағасы Ляззат Ибрагимова, өнеркәсіп және құрылыс вице-министрлері Ілияс Оспанов, денсаулық сақтау – Бейбіт Есенбаев, әділет Бекболат Молдабеков, қорғаныс - Дархан Ахмедиев, W2W стартапының басшысы және негізін қалаушы Крис Шелдрик, IT-компаниялар, Қазпошта серіктестері мен клиенттері қатысты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама