×

Шымкентте 2 жасар баланы туысы 4-қабаттан лақтырып жіберген

Сәби қазір ауруханада, жағдайы ауыр

 Еркеғали Болатұлы 24.11.2023 | 12:05
фото: ratatum.com

Шымкентте 2 жасар бүлдіршінді туысы 4 қабаттың терезесінен лақтырып жіберген, деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Оқиға 23 қарашада болған. Баланың терезеден құлағаны туралы хабарлама «103» жедел жәрдем қызметіне сағат 21:00-де түскен.

Оқиға Әл-Фараби ауданындағы Иляев көшесінің бойында 4 қабатты көппәтерлі тұрғын үйде болған. Полиция департаментінің қызметкерлері баланы 4-ші қабаттың терезесінен психоневрологиялық диспансерде есепте тұратын туысының лақтырғанын анықтады, - делінген хабарламада.

Сәби қазір ауруханада, жағдайы ауыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама