×

Қазақстандықтар жылу электр орталықтарының жөнделуін онлайн бақылай алады

ЖЭО-ларды жөндеуге қомақты қаржы бөлінген

 Дәурен Ерболат 23.11.2023 | 11:51
фото: Halyq Uni

Биыл желтоқсанда жылу электр энергетикасының цифрлық платформасы іске қосылады. Бұл онлайн режимде инвестициялық міндеттемелердің орындалуын бақылауға мүмкіндік береді. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Вице-премьердің айутынша, 2029 жылға қарай Үкіметтің инженерлік инфрақұрылым мен жылу энергия көздерінің тозуын кем дегенде 15%-ға төмендету міндеті тұр. Биыл «Инвестиция орнына тариф» бағдарламасын басталды.

Біздің ойымызша, бұл – ең тиімді бағдарлама. 2023 жылы біз осы салаға шамамен 220 млрд теңге жеке инвестиция тартып, қысқа дайындық барысында 6 мың шақырымға жуық инженерлік инфрақұрылым мен 77 жылу энергия көзін – ЖЭО, ГРЭС және әртүрлі қазандықтарды жөндедік, - деді Роман Скляр Сенаттың жалпы отырысында.

Роман Скляр биыл осы саладағы 200 мыңға жуық жұмысшының жалақысы артқанын және саланы цифрландыру маңызды екенін атап өтті.

Биыл желтоқсанда біз жылу электр энергетикасының цифрлық платформасын іске қосамыз. Онда біздің жылу энергия көздеріміздің барлық электронды төлқұжаты (паспорты) имплементацияланады. Бұл режимде инвестициялық міндеттемелердің орындалуын бақылау мүмкіндігі болады, - деді ол.

Осылайша, қазақстандықтар жылу электр орталықтарының жөнделуін онлайн бақылуы мүмкін.

Одан бөлек, Роман Скляр жауапкершілікті күшейтуге мәселесіне де тоқталды.

Бұл – өте маңызды мәселе. Біз тиісті түзетулер әзірлеп жатырмыз, жақын арада оларды Мәжіліске енгіземіз. Олар табиғи монополиялар субъектісінің, сондай-ақ инвестициялық бағдарламаларды орындау және жабдықтарды сапалы жөндеу үшін бірінші басшының жауапкершілігін күшейтуге қатысты болады, - деді вице-премьер.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама