×

Жетім мәртебесі бар 62 мың бала баспана кезегінде тұр

Ата-анасының қамқорлығынан айырылған 63 мың адам баспанасын уақытында алмаған

 Дәурен Ерболат 22.11.2023 | 11:37
Коллаж: Halyq Uni

Қазақстанда баспана кезегінде тұрған 62 мың жетім бала бар. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда талқылануда.

Отырыста Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова министрге сұрақ қойды.

«Жетім мәртебесі бар, ата-анасының қамқорлығынан айырылған шамамен 63 мың адам баспанасын уақытында алмаған. Бұл мәскелемен 30 жыл бойы ешкім айналыспады. Олар баспанасыз болса да, мемлекет жауапкершілігін орындайды деп үміттенеді. Егер тұрғын үй осы қарқынмен берілсе, олар баспанасын 100 жылдан соң алады. Бұл мәселені қалай шешесіздер?», - деді депутат.

Қанат Шарлапаев мұндай мәселенің барын мойындап, министрлік мәселені шешуге тырысып жатқанын айтты.

Бүгінде баспана кезегінде 62 мың жетім бала тұр. Бұл мәселе еліміз бойынша өзекті. Менің ойымша, ваучер идеясын қабылдап, оны пысықтаймыз. Не істеуге болатынын көреміз. Бағдарлама бар.

Өкінішке қарай, бізде жетім балалар баспана кезегінде ұзақ тұрады. Себебі, бұл қағида есепке алынған күнге сәйкес оларға қатысты әрдайым сақталмады, - деді министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама