×

Астанада гашиштің ірі партиясы тәркіленді

Жыл басынан бері 218 есірткі қылмысы ашылды

 Динара Амантай 22.11.2023 | 09:45
Фото: polisia.kz

Елордалық полиция қызметкерлері есірткі өткізу арнасының жолын кесуге бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қала аумағында есірткі құралдарын жеткізуге және өткізуге қатысы бар екі адамды анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, күдіктілердің бірі – 30 жастағы ер адам. Жеке тінту кезінде одан 10 келі гашиш есірткі заты салынған спорттық сөмке табылып, тәркіленді. Жедел іс-шараларды өткізу барысында полиция қызметкерлері оның сыбайласының ізіне түсіп, Тілендиев көшесінде BMW автокөлігі тоқтатылды. 29 жастағы ер адамнан 205,90 грамм гашиш есірткі заты салынған орам тәркіленді.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы («Есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілер қамауға алынды, – делінген хабарламада.

Жалпы, Астананың полиция қызметкерлері жыл басынан бері 218 есірткі қылмысын ашқан. Оның ішінде 135 өткізу фактісі бар. Заңсыз айналымнан 265 келі түрлі есірткі тәркіленді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама