×

Енді студенттер әскерден автоматты түрде босатылады

Военкоматқа барудың қажеті жоқ

 Дәурен Ерболат 21.11.2023 | 11:35
фото: opennews.kz

Қазақстанда студенттер әскерден автоматты түрде босатылады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жылда 106 мың студент оқу орнынан, емханадан анықтама алып, военкоматқа тапсыруға 2 апта жұмсайтын. Енді студент статусын (военкоматқа) дәлелдеудің қажеті жоқ.

3 министрліктің базаларын интеграциялап, студенттер анықтама жинамай-ақ, автоматты түрде әскерден босатылады», - деді Бағдат Мусин Үкімет отырысында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама