×

Жезқазғанда жылу қазандықтарын жаңарту жұмысы неге аяқсыз қалғаны белгілі болды

Қазір қалада төрт жылу қазандығы жұмыс істеп тұр

 Дәурен Ерболат 20.11.2023 | 15:40
Берік Әбдіғали, фото: ОКҚ

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы Жезқазған қаласының жылыту маумысына дайындығы туралы есеп берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыс басшысының айтуынша, жыл басында Kazakhmys Energy компаниясы қаладағы жылу қазандықтарын жөндеуге 2,5 млрд теңге бөлген.

«Бұл ақшаның жетпейтіні анық. Сондықтан олар «Тариф орнына инвестиция» бағдарламасы бойынша қаражат көлемін 11 млрд теңгеге көтерді. Жылу қазандықтарын жөндеп, ауыстыру, жаңғырту жұмыстары жүреді. Бүгінде 4 қазандық жұмыс істеп тұр. Тағы 2 қазандықты биыл жаңартуымыз керек болған. Бірақ қаржы жетпегендіктен келесі көктемге қалды. Бұл сегізінші қазандық. Ал оныншы қазандық толық жаңартылған. Егер 8 қазандықтың екеуі жаңартылса, жылу тапшылығын толығымен жоямыз», - деді Берік Әбдіғалиұлы ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Ұлытау облысының әкімі жауапты мекемелер мәселені бақылауда ұстап отырғанын атап өтті.

Біздің де көзіміз жетіп отыр. Kazakhmys Energy да жылу маусымы тұрақты болады деп кепілдік беріп отыр. Былтырғы жылу маусымындағы қиындықты ескеріп, жыл бойы бүкіл қаланы қопарып шықтық. Соның бәрі жылу маусымын тұрақты өткізу үшін жасалды, - деді Берік Әбідғалиұлы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама