×

Бас есепші қызметтік жағдайын пайдаланып, өзінің жалақысын негізсіз көбейтіп алған

Ол енді өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды

 Динара Амантай 20.11.2023 | 14:53
Фото: Halyq Uni

Абай облысы Жарма ауданының прокуратурасы сеніп тапсырылған мүлікті жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, 2017 жылдан бастап 2023 жылдың шілдесіне дейін балалар лагеріндегі бас есепші қызметтік жағдайын пайдаланып, өзінің жалақысын негізсіз көбейткен. Сарапшының қорытындысына сәйкес, ұрлықтың жалпы сомасы 1 млн теңгеден асады.

Жарма аудандық сотының 2023 жылғы 19 қазандағы үкімімен бас есепші ҚР ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігінің 2-тармағында көзделген («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу») қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айыру және мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыруға сотталды, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама