×

Ақтөбе облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 20.11.2023 | 09:57
Фото: Halyq Uni

Ақтөбе облысында жол апатынан үш адам қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше сағат 05:45 шамасында Ақтөбе-Орынбор тасжолының 73-шақырымы, Мәртөк ауылының маңында Audi, Lexus және Subaru forester автокөліктері соқтығысқан.

Салдарынан Lexus және Subaru forester автокөлігінің жүргізушілері мен Subaru-да болған жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Lexus жолаушысы Мәртөк ауданының ауруханасына жеткізілді, – делінген хабарламада.

ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама