×

Өзбекстанда әскери тікұшақ апатқа ұшырады

Апат салдарынан экипаж мүшелері түгел қаза тапты

 Динара Амантай 18.11.2023 | 13:05
Фото: Өзбекстан Қорғаныс министрлігі

Өзбекстанның әуе қорғанысы әскерлері мен әуе күштері қолбасшылығының Ми-8 әскери тікұшағы оқу-жаттығу кезінде апатқа ұшырады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Өзбекстан Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға «Каттакурган» полигонында болған. Апат салдарынан экипаж мүшелері түгел қаза тапты.

Қазір арнайы комиссия апаттың себебін анықтап жатыр, — делінген хабарламада.

Елдің Қорғаныс министрлігі қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасы мүшелері мен туыстарына қайғырып көңіл айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама