×

Таразда бұйрыққа бағынбаған сарбаз жауапқа тартылды

Ол сотта кінәсін толық мойындады

 Динара Амантай 16.11.2023 | 13:41
Көрнекі фото: Halyq Uni

Таразда бұйрыққа бағынбаған әскери қызметші жауапқа тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Тараз қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ӘҚБтК 652-бабының 6-бөлігімен («Бағынбау, яғни бастықтың бұйрығын орындаудан ашықтан-ашық бас тарту, сол сияқты қызмет мүдделеріне елеулі зиян келтірмеген, бастықтың белгіленген тәртіппен берген бұйрығын бағыныштының өзгедей қасақана орындамауы») әскери қызметшіге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, биыл қыркүйекте Ұлттық ұланның әскери қызметшісі өзімен бірге әскери бөлімге бейнебақылау құрылғысы мен интернет желісімен жабдықталған телефонды алып келген, осылайша бөлім командирі бұйрығының талаптарын бұзған.

Сотта азамат кінәсін толық мойындады.

Сот қаулысымен әскери қызметші ӘҚБтК-нің 652-бабы 6-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 60 мың теңгеден астам сомада әкімшілік айыппұл салынды, – делінген сот хабарламасында.

Қаулы заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама