×

Елордадағы жалдамалы 770 пәтерге жастардың бәрінің қолы жетпейді

Ол үшін барлығы 5 623 өтінім түскен

 Еркеғали Болатұлы 14.11.2023 | 15:37
фото: Halyq Uni

Астанада жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау жұмысы аяқталды.

Qatysu.zhilfond.kz порталына елорда тұрғындарынан бас-аяғы 5 623 өтінім түскен. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы аясында жұмыс істейтін жастарға 770 пәтер бөлінеді.

Азаматтардың өтінімдерінің статусы туралы ақпарат өтінім беру кезінде көрсетілген телефон нөміріне жіберіледі.

Қорытынды zhilfond.kz сайтында жарияланады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама