×

Бишімбаев ісі: Астанадағы «Гастро орталық» директоры 2 айға қамалды

Бұған дейін Қуандық Бишімбаев 2 айға қамалды

 Халық үні 14.11.2023 | 11:36
Halyq Uni / қайғылы оқиға болған орын

Астанадағы «Гастро орталық» директоры 2 айға қамауға алынды. Ол экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенованың қазасына қатысты қамалды.

«Бау» мейрамханасындағы әйелдің қазасына байланысты «Гастро-орталық» директорына қатысты 2 айға қамау туралы бұлтартпау шарасы санкцияланды, - деп хабарлады Астана қаласы полиция департаменті.

Ол қылмыстық кодекстің 432-бабы бойынша күдікке ілінген. Қылмысты жасыру көрсетілген бапта 6 жылға дейін бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Тергеу жалғасып жатыр.

Айта кетейік, 9 қарашада Астана мейрамханаларының бірінде болған жанжалдан кейін әйел адам қайтыс болды. Марқұм алған ауыр жарақат салдарынан көз жұмған.

Бұған дейін Астанада сот экс-министр Қуандық Бишімбаевты 2 айға қамауға санкция шығарды

2023 жылғы 11 қарашада Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қ. Бишімбаевты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Өзге мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды, - делінген акпаратта.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама