×

Қазақстандық каратэшілер Азия чемпионатында командалық есепте бірінші орын алды

Екінші орынды – Иран, үшінші орынды Біріккен Араб Әмірліктері құрамасы алды

 Халық үні 11.11.2023 | 14:17
фото: туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында өткен каратэден ересектер арасындағы I Азия ашық чемпионаты аяқталды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Биыл алғаш рет ұйымдастырылған жарыста Қазақстан құрамасының спортшылары 8 алтын, 8 күміс пен 14 қола медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте 1-орынға ие болды. Екінші орынға Иран (3 алтын, 2 күміс, 3 қола) құрамасы жайғасса, үздік үштікті 2 алтын жүлдемен Біріккен Араб Әмірліктері қорытындылады, – делінген ақпаратта.

Додаға алыс-жақын шетелден келген 10 құрамадан 140-қа жуық спортшы қатысты. Алматыда Германия, Үндістан, Иран, Қазақстан, Кувейт, Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктерінің спортшылары сынға түсті.

Қазақстандық каратэшілерді I Азия ашық чемпионатында көрсеткен тамаша жетістігімен құттықтаймын. Мұның алдында жас жеткіншектеріміз де үздіктер қатарынан көрінсе, бұл жолы ересектер құрамамыз ел мерейін тасытты. Мұндай ірі жарыста, өз елімізде өткен байрақты бәсекеде үздіктердің үздігі болу қашанда маңызды. Сіздер бұл жетістіктеріңіз арқылы өскелең ұрпаққа зор үлгі көрсеттіңіздер, - деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Бәсекеде алтын медальді Ұлмекен Жалғас (+68 кг), Бэлла Самашева (55 кг), Даяна Даренская (61 кг), Диас Анарбеков (+84 кг), Жоламан Биғабыл (60 кг), Ерсұлтан Тәңірберген (67 кг), Диас Ұлбек (84 кг) жеңіп алды.

Күміс жүлде ката бойынша Лия Қошқарбаева, Мәди Катешов, кумитеден Әйгерім Тұрсынбекова (50 кг), Гүлмира Үсенова (61 кг), Николь Ценгель (61 кг), Дархан Тимралиев (60 кг), Әбілмансұр Батырғали (75 кг), Айдос Мұхатқа (67 кг) бұйырды.

Сондай-ақ Ердос Кенжеғалиев (ката), Арина Якубина (+68 кг), Алина Сұлтанова (50 кг), Ақниет Шеризат (50 кг), Айжан Бакирова (61 кг), Венера Жақсыбаева (68 кг), Милана Власенко (68 кг), Айбек Шарап (60 кг), Дамир Нұрберген (75 кг), Азамат Марат (75 кг) және Никита Тарнакин (84 кг) қола медаль еншіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама