×

Маңғыстау облысында өзгенің ауласынан құбыр ұрлаған тұрғын сотталды

Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемесінде өтейді

 Динара Амантай 10.11.2023 | 17:41
Фото: Halyq Uni

Маңғыстау облысының Мұнайлы аудандық соты өзгенің ауласынан құбыр ұрлаған ер адамға 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ҚР ҚК-нің 60-бабы 1,4-бөлігі негізінде Ақтау қалалық сотының үкімімен тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігін ішінара қосып, оған түпкілікті 3 жыл 9 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленген.

Сотта анықталғандай, ол Мұнайлы ауданындағы үйлердің бірінің ауласына заңсыз кіріп, 100 дана «НКТ» құбырын ұрлағаны үшін кінәлі деп танылған.

Маңғыстау облыстық соты Мұнайлы аудандық сотының Б.-ға қатысты үкімін өзгертіп, оған жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеу тағайындалды, – делінген хабарламада.

Үкімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама