×

Көлік ұрлығы үшін іздеуде жүрген күдікті Өзбекстанда ұсталды

Сот үкімімен ол бас бостандығынан айырылған болатын

 Динара Амантай 09.11.2023 | 12:02
Фото: Halyq Uni

Көлік ұрлығы үшін іздеуде жүрген күдікті Өзбекстанда ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жедел іздестіру іс-шаралары барысында Ташкент облысының Нұравшан қаласында Павлодар жедел уәкілдері осы елдің 27 жастағы азаматын ұстаған. Ол 5 жыл бойы автокөлік ұрлағаны үшін іздеуде жүрген.

2018 жылдың желтоқсанында ер адамның Астана қаласындағы базарлардың бірінен Lada Priora автокөлігін айдап кеткені анықталды. Сот оны сол әрекеттері үшін бас бостандығынан айырды.

Босатылғаннан кейін заңда белгіленген мерзімде Екібастұз қаласының полициясына есепке тұрмаған. Осыған байланысты халықаралық іздестіру жарияланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама