×

Байзақ ауданындағы балалардың жаппай улануы: қылмыстық іс тіркелді

33 оқушы және 2 мұғалім ауруханада жатыр

 Халық үні 08.11.2023 | 17:43
Фото: Жамбыл облысы прокуратурасы

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы мектепте балалардың жаппай улануына қатысты тергеп-тексеру жұмыстары басталды.

2023 жылдың 7 қарашасында Сарыкемер ауылының Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының 46 оқушысы мен 2 мұғалімі Байзақ ауданы орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне тамақтан улану белгілерімен жүгінді. Тексеру нәтижелері бойынша 35 адам ауруханаға жатқызылды – 33 оқушы және 2 мұғалім, - делінген ақпаратта.

Прокуратураның хабарлауынша, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет тиісті тексеруді тағайындады.

Аталған жайт Байзақ аудандық полиция бөліміне қылмыстық кодекстің 304-бабының 1-бөлігі бойынша («cанитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу») сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, іс аясында қажетті тергеп-тексеру шаралары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады Жамбыл облысы прокуратурасы.

Қылмыстық істің тергелу барысы облыс прокуратурасының бақылауына алынған.

Айта кетейік, бұған дейінЖамбыл облысы Байзақ ауданындағы мектеп-гимназияда бастауыш сынып оқушылары уланғаны белгілі болды. Ауруханаға түскендердің негізгі бөлігі – 7-10 жас аралығындағы балалар. Оларға жедел тағамдық токсикоинфекция диагнозы қойылды. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама