×

Павлодар облысында 55 жастағы жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

Ол жолдың белгіленбеген жерінен өткен

 Динара Амантай 08.11.2023 | 10:55
Фото: polisia.kz

Павлодар облысында жол апатынан жаяу жүргінші қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше сағат 19:00 шамасында Омбы – Майқапшағай автожолының 340-шақырымында Скания автокөлігінің жүргізушісі жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен 55 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты.

Полиция тексеру жүргізіп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама