×

Түркістан облысында 270 жер учаскесі элиталық саяжай құрылысына заңсыз берілген

Жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне қатысты 8 қылмыстық іс қозғалды

 Динара Амантай 08.11.2023 | 09:45
Фото: Halyq Uni

Түркістан облысында прокурорлар таулы аймақтарда орналасқан 270 жер учаскеcінің элиталық саяжай құрылысына заңсыз берілгенін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, өңірде азаматтарға жалған құжаттар ұсыну арқылы 26 жер учаскесін рәсімдеу және 28 жер учаскесінің орнын заңсыз өзгерту фактілері анықталған.

Жергілікті атқарушы органдар Түркістан қаласы, Сарыағаш, Сайрам, Төлеби және Түлкібас аудандарындағы 200 ауыл шаруашылығы жерінің нысаналы мақсаттарын негізсіз тұрғын үй құрылысы және демалыс аймақтарына өзгерткен. Аталғандардың негізінде жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне қатысты билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану және алаяқтық фактілері бойынша 8 қылмыстық іс қозғалды, – деді Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай.

Бұдан бөлек, прокурорлардың ұсынысы негізінде мемлекеттік органдар 400-ден астам жерді мемлекет меншігіне қайтару процесін бастады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама