×

Назарбаев даңғылындағы жанжал: жүргізушілердің бірі екіншісін ұрып құлатты (ВИДЕО)

1988 жылы туған азаматтың жарақатын тексеру мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды

 Еркеғали Болатұлы 07.11.2023 | 16:21
фото: видеодан скриншот

Алматының орталығында жүргізушілер арасындағы жанжал төбелеске ұласып, салдарынан 1 адамардап шекті, деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

Оқиға орнынан түсірілген кадр Instagram желісіндегі kris__p__almaty public парақшасына жарияланды. Видеоны көлікте келе жатқан куәгерлер түсіріп алған.

Жарияланған кадрдан 2 ер адамның төбелесіп, бірінің жерге құлағанын көруге болады. Видео авторының айтуынша, оқиға Назарбаев даңғылы мен Сәтбаев көшесінің қиылысында болған.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 1988 жылы туған азаматтың жарақатын тексеру мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Ескерту: видеода бейәдеп сөздер бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама