×

Қарағанды облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты

Оқиға орнында тергеу тобы жұмыс істеп жатыр

 Динара Амантай 06.11.2023 | 16:50
Фото: видеодан скриншот

Қарағанды облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін Алматы – Екатеринбург тас жолында Volkswagen жеңіл автокөлігі мен Volvo жүк көлігі соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен оның 5 жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

Аталған дерек полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнында тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, – деді Қарағанды облысының ПД ППБ командирі Бекзат Сауленбаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама