×

Астанада зират басында ұрлық жасалды

70 жастағы ақбұрым түс кезінде туыстарының қабірін тазалап жатқанда ұялы телефонын жоғалтып алған

 Дастан Жұмабекұлы 06.11.2023 | 11:25
Фото: polisia.kz

Астанада зират басында ұрлық жасалып, күдікті ұсталды.https://polisia.kz/elordalyq-zejnetkerding-zirat-basynda-telefony-qoldy-boldy/

Polisia.kz-тің хабарлауынша, зиратта туыстарының қабірін тазалап жүрген 70 жастағы зейнеткердің ұялы телефоны қолды болған. Осы оқиғаға байланысты полиция 34 жастағы азаматты күдікті ретінде ұстады.

Полицияның мәліметіне қарағанда, 70 жастағы ақбұрым түс кезінде туыстарының қабірін тазалап жатқанда ұялы телефонын жоғалтып алған. Егде жастағы әйел зираттан қоқыс шығарып, дуалға іліп қойған күртешесінің қалтасын тексергенде телефонын  таппай қалған. Осыдан кейін зейнеткер полицияға хабарласып, телефонын жоғалтқанын айтқан.

Сарыарқа аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері бұрын сотты болған 34 жастағы ер адамды ұрлық қылмысына күдікті деп ұстады. Күдіктінің зират арқылы өтіп бара жатып, оңтайлы сәтті пайдаланып, ұрлық жасағаны белгілі болды.

Осы оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ер адам телефонды сатып жіберген екен. Полицейлер арызданушыға телефонын қайтарып берді. Қазір у күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама