×

«Қазақмыс» кенішінде 39 жастағы жұмысшы көз жұмды

Арнайы комиссия құрылды

 Дәурен Ерболат 06.11.2023 | 10:45
Фото: metalmininginfo.kz

Ұлытау облысындағы «Шығыс Жезқазған» кенішінде жұмысшы қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қайғылы оқиға кеше, 5 қарашада болған.

«Шығыс Жезқазған» кенішінің №57 шахтасында жазатайым оқиға болды. 1984 жылғы тау-кен шебері жұмыс істеп жатқанда жарақат алып, көз жұмды. Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себебін анықтап жатыр, - деп жазылған «Қазақмыс» таратқан хабарламада.

Компанияның басшылығы мен еңбек ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама