×

Алматы тұрғындары жол шұңқырына кілем төсеп қойған

 Еркеғали Болатұлы 03.11.2023 | 16:29
фото: instagram/kris_p_almata

Алматыда жол бойындағы шұңқырға кілем төселген кадр пайда болды.

Наурызбай ауданы, Шұғыла ықшамауданы, Айбергенова көшесі. Жергілікті тұрғындар ерекше әдісті қолданып, шұңқырды кілеммен жауып қоюды ұйғарыпты, - делінген хабарламада.

Алайда Наурызбай ауданының әкімдігі Айбергенов көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізілгенін хабарлады.

Жол желісін жөндеу аясында Айбергенов көшесінің бойындағы жолды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, көрсетілген ескертулерді жою шаралары қабылданғанын хабарлаймыз. Сондай-ақ асфальт төсеу жұмыстары аяқталған, - деп хабарлады аудан әкімдігі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама