×

Балаларына дұрыс қарамаған ана жауапқа тартылды

Оның тәртібі комиссия отырысында қаралады

 Дәурен Ерболат 03.11.2023 | 15:56
Фото: elements.envato.com

Павлодарда балаларына дұрыс қарай алмаған 38 жастағы әйел жауапқа тартылды, деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Департамент мәліметіше, ішімдікке салынған әйел 4 және 6 жастағы балалардың тәрбиесіне салғырт қараған.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 127-бабы 1-бөлігі бойынша әйел жауапкершілікке тартылды. Материал сотқа жіберіледі. Сондай-ақ ананың тәртібі кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның отырысында қаралады, – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде жалпы бала тәрбиесіне салғырт қараған 72 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама