×

Павлодар облысында жүргізушіден 500 келіден аса балық тәркіленді

Көлік айып тұрағына қойылды

 Дәурен Ерболат 03.11.2023 | 13:35
Фото: polisia.kz

Ақсу қаласында жүргізушіден 500 келіден аса мөңке балығы тәркіленді, деп хабарлады Polisia.kz.

Полицейлер Беловка – Қалқаман автожолында Audi А6 көлігін тоқтатқан. Жүргізуші Қарасора көлінде балық аулағанын айтқан.

Тексеру кезінде жүк салғыштан 14 қапқа салынған, салмағы 559 келі болатын мөңке балығы табылды. Процестік шешім қабылданғанға дейін көлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды. Сот-биологиялық сараптама тағайындалды. Заңсыз балық аулау дерегі бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, – деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама