×

Шымкент тұрғыны мектеп мұғалімі болу үшін алаяққа 1 млн теңге берген

Тексеру барысында әйелдің басқа да ұқсас қылмысқа қатысы бар екені анықталды

 Динара Амантай 03.11.2023 | 10:38
Фото: Halyq Uni

Шымкент тұрғыны мектеп мұғалімі болу үшін алаяққа 1 млн теңге берген, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, алаяқтық туралы арызбен мегаполис полицейлеріне 27 жастағы әйел жүгінген. Жәбірленушінің айтуынша, аз ғана уақыт таныстығы бар әйел оған оқу орындарының біріне жұмысқа орналасуға көмектесуге уәде берген. Бұл қызметін 1 млн теңгеге бағалаған.

Аталған жайтты Тұран аудандық ПБ тергеушілері СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 190-бабымен тіркеді. Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларына дереу кірісті. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 36 жастағы күдікті тұрғылықты жері бойынша ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді, - делінген хабарламада.

Тексеру барысында әйелдің басқа да ұқсас қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Ол тағы бір әйелді мемлекеттік бағдарламамен кезексіз пәтер мен бизнес-идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз грант алып беремін деп 1,5 млн теңгеге сан соқтырған.

Қазір сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесімен іс бойынша процестік шешім қабылданады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама