×

Қызылордалық полицей әлем чемпионы атанды

Әлемдік деңгейдегі сайысқа 800-ден аса спортшы қатысты

 Динара Амантай 01.11.2023 | 15:51
Фото: polisia.kz

Қызылордалық полицей әлем чемпионы атанды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Грузия астанасында қазан айының 26-31 аралығында жекпе-жектен әлем чемпионаты өтті. 20-дан астам мемлекеттен 800-ден аса спортшы қатысқан әлемдік деңгейдегі сайысқа Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкері Нұршат Аманқосов 85 келі салмақта қатысып, бағын сынады.

Тартысты өткен әлемдік додада Молдова, Өзбекстан және Украина елдерінен келген қарсыластарын жеңген Нұршат тарихи жеңіске қол жеткізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама