×

ІІМ кадрлық тағайындауды алғаш рет жаңа форматта өткізді

Арнайы жиында жаңа қызметтен үміттілердің біліктіліктері мен кәсіби шеберліктері талқыланды

 Динара Амантай 18.05.2022 | 11:14
Фото: Polisia.kz

Ішкі істер министрлігінде облыстық полиция департаменті басшыларының орынбасарлары мен аудандық полиция басшысы лауазымдарына үміткерлер қаралды. Бұл туралы Polisia.kz порталы хабарлады.

Арнайы жиында қатысушылар жаңа қызметке тағайындалатын азаматтардың қызмет жолындағы жетістіктері, олардың біліктілігі мен кәсіби шеберлігі талқыланды.

Ведомство басшысы үміткерлердің әрқайсысымен сөйлесе отырып, ІІМ-нің нақты талаптарын, қызметкерлердің негізгі міндеттерін еске салды. Сондай-ақ әріптестерінің антқа адал болып, нәтижелі жұмыс көрсететініне сенім білдірді.

Ішкі істер министрінің бұйрығымен:

  • Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына Сапар Бауыржан;
  • Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына Ерлан Жалмағамбет;
  • Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті «Есіл» аудандық полиция басқармасының бастығы лауазымына Әлібек Қожахметов;
  • Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті «Байқоңыр» аудандық полиция басқармасының бастығы лауазымына Марат Абиров тағайындалды.

Айта кетсек, кадрлық тағайындаудың мұндай форматы Ішкі істер министрлігінде алғаш рет өткізіліп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Алматы мәслихатына сайланған депутаттардың аты-жөні белгілі болды

Қала бойынша Amanat партиясы 51,94% дауыс жинады
24.03.2023 | 17:05

Ресей мен Беларусь хоккейден 2024 жылғы әлем чемпионатына жіберілмеді

Ұйым басшылығы спортшыларды жарыстарға қатыстырудың өзі қауіпсіздікке залал келтіреді деп санайды
24.03.2023 | 16:53

Атырауда трамадолды шамадан тыс қолданған спортшы суицид жасады (ВИДЕО)

Бұл препарат Украина, Ресей, Өзбекстан, Беларусь мемлекеттерінде есірткілердің тізіміне енгізілген
24.03.2023 | 16:32

Роналду жаңа рекорд жасады

Португалияның футболшысы ресми матчтарда 100 гол салды
24.03.2023 | 16:23