×

Қарағандыда аяқ киім ұрлаған жігіт сауда үйінің 2-қабатынан секірмек болды (ВИДЕО)

Полиция сауда үйіндегі бейнебақылау камералары арқылы күдіктінің жүрген жерін анықтады

 Еркеғали Болатұлы 31.10.2023 | 13:40
фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде Қарағандыдағы сауда үйлерінің бірінде түсірілген видео пайда болды. Онда ер адам екінші қабаттан секіруге әрекет жасаған. Бұл жағдайға қатысты Ішкі істер министрлігі пікір білдірді.

Ведомство мәліметінше, Қарағандыда полицияға белгісіз бір адамның сауда үйіндегі дүңгіршектен аяқ киім ұрлағаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орынына келген тәртіп сақшылары сауда үйіндегі бейнебақылау камералары арқылы күдіктінің жүрген жерін анықтады. Алайда ұстау кезінде ол екінші қабаттан секіріп кетпек болған. Күдікті қылмысын мойындап, айғақ зат тәркіленді, - деді ІІМ өкілдері.

Сондай-ақ полиция аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 187-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама