×

Сарыағашта 18 жастағы жігіт қызық үшін жол ережесін өрескел бұзған (ВИДЕО)

Оған екі бап бойынша айып тағылды

 Динара Амантай 31.10.2023 | 10:54
Фото: polisia.kz

Сарыағашта қызық үшін жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Тәртіп сақшылары желіге мониторинг жүргізу барысында Сарыағаш ауданындағы орталық көшелердің бірінде басқа көліктерге апаттық жағдайын туғызып, жол ережесін өрескел бұзған жүргізушінің бейнежазбасын анықтады. Полицейлер бірден жүргізушінің жеке басын анықтау жұмыстарына кірісті.

Нәтижесінде жол жүрісі қағидаларын бұзып, құқықбұзушылық жасаған автокөлік иесі табылды. ВАЗ-2107 көлігі айып тұрағына қойылды. Ал 18 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 606-бабының 1-бөлігімен («Жол жүрiсiне қатысушының жол жүрiсi қағидаларын апаттық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы» және ҚР ӘҚБтК 590-бабының 5-бөлігімен («Көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзу») бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды, – делінген хабарламада.

Жүргізуші теріс әрекетін қызық үшін, мақтанып жасағанын мойындап, істеген әрекеті үшін өкінетінін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама